Skip to main content
x

Жазғы семестр

Университетте қосымша оқыту қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу үдерісіндегі айырмашылықтарды жою, студенттердің өзге ЖОО оқу пәндерін зерделеп-игеру үшін, оларды міндетті түрде өзінің ЖОО-да қайта тапсырып, орта үлгерім балын  (GPA) арттыру үшін (оқуын аяқтайтын курстарды қоспағанда) жазғы семестр ұйымдастырылады. 

«Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 

Білім алушының жазғы семестрден өтуі жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Жазғы семестрдің ұзақтығы академиялық күнтізбеге сәйкес курстар мен мамандықтарға бөліне отырып айқындалады және ұзақтығы 6 аптадан кем болмайды. 

Бір жазғы семестрде зерделеуге болатын кредиттердің максималды саны 12-18 кредитті құрайды.
«Қазақстан тарихы»  бойынша мемлекеттік емтиханнан академиялық қарызы бар білім алушы жазғы семестрде оқу сабақтарының бар түріне қайта барады, ағымдық бақылау талаптарын орындайды, рұқсат алады және мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысы кезеңінде емтиханды қайта тапсырады. 
Жазғы семестрде бір кредит құны ректордың бұйрығымен әр оқу жылына бекітіледі.

Жазғы семестрге рұқсат алу үшін білім алушы жазғы аралық аттестаттау аяқталғаннан кейін деканатта жазғы семестрге қатысатыны туралы белгіленген үлгідегі өтініш бланкісін толтырады.  Толтырылған өтініш бланкісі факультет деканымен келісіледі. Білім алушы жазғы семестр үшін оқу ақысын ынтымақтастық жайында келісімшарт жасалған банк бөлімшесінде төлейді. Білім алушы өтініші мен оқу ақысын төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасын алып, университет бухгалтериясына барады, бухгалтер өтінішке белгі қояды. Өтініш жазғы аралық аттестаттау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде диспетчерлік бөлімге тапсырылады.  

Білім алушыға оқытушыны таңдау құқығы беріледі. Сонымен бірге қарызы бар студентке теориялық білім беру кезеңінде (күзгі/көктемгі семестр) пәнді өткізген оқытушының сабақ беруіне жол берілмейді.

Пән бойынша қорытынды бақылау түрін  жазғы семестр бойы осы пән бойынша сабақ жүргізген оқытушы жүзеге асырады. Емтихандар  теориялық оқу курсы аяқталғаннан кейін жазғы семестрдің  соңғы аптасында соңғы үш күн бойы өткізіледі. Жазғы семестр кезеңінде оқытылған пәндер бойынша емтихандарды қайта тапсыруға жол берілмейді. Мамандықтың  оқу жоспарының жазғы семестр кезеңінде игерілген пәндері бойынша емтихандар нәтижесі бойынша ағымдық оқу жылының көшіру (GРА) балы есептеледі. 

Көшіру (GРА) балы төмен, жазғы семестр қорытындылары мен аралық аттестаттау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда білім алушыға қайта оқу құқығы беріледі.  

Жазғы семестр нәтижесі бойынша  GРА көшіру балын жинай алмаған және қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар мемлекеттік білім беру гранттарынан айырылады. 

Жазғы семестр аяқталған соң деканат әр білім алушының GРА балын айқындайды және курстан курсқа көшіру туралы бұйрық шығарады.