Skip to main content
x

«Зияткер» пікірталас клубы

«Зияткер»  пікірталас клубы – білім алушы жастардың шешендік өнері мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жүзеге асыратын ерікті қоғамдық бірлестік.
Мақсат: дарынды, бастамашыл жастарды айқындау және дамыту.  
Міндеттер:
– студенттер мен өзге де жастардың қоғамдық бірлестіктері арасында ынтымақтастық  пен байланысты дамыту;  
– студенттік өмірді неғұрлым толық, қызықты және тартымды ету;  
– студенттердің бастамасы мен идеяларына жан-жақты қолдау таныту;  
– күнделікті өмірде қолданылатын тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерді  дамыту;
– шешендік өнер, пікірталас жүргізу және аналитикалық пайымдау өнерін дамыту.