Ордабеков Бекдияр

PDF 

Мен, Ордабеков Бекдияр 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универсиетінің « Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығын бітіріп шықтым. Мен өзім Шымкет қаласынан келген болатынмын, осы университет жайында  интернеттен білдім, университеттің сайдтарына кіріп қарап, университет өмірімен жақын танысуымның арқасында осы университетке құжаттарымды тапсырып, осы оқу орнының студенті атандым.

Студент  үшін барлық жағдайлар жасалған Ш. Уәлиханов университетінің  өзінің студентер үшін жатаханалары да бар, асханасы да  университеттің маңында орналасқан, 4 оқу корпусы бар, спорт залдары тағы бар. Мен оқыған кафедра оқытушылары өте жақсы  ұстаздар, ол кісілердің сабақ түсіндіргендері, бізбен бар білгендерін бөліскендеріне рахмет айтқым келеді. Кафедрамның оқытушылары өте  білімді, білімдерін шындап, толықтыру үшін арнайы курстарға барып келген оқытушылар өте көп. Оқытушылар интеративті тақталарда сабақтарды өткізеді. Астория ресторанында универсиетінің менің таңдаған мамандығым бойынша  арнайы филиалы да бар,  ол жерде біз  мамандық бойынша тәжербиелер өткіземіз. Сондай –ақ біз Алматыға олимпиадаға бардық, ол жерде біз  сыйлы орындарға ие болдық, көптеген қызықты оқиғалар,  және де көтеген тәжербиелр үйрендік, осы үйренген, білген, көргендерімді тәжербиеде қолданарлықтай білім жинадым деп айта  аламын.  Осы 2015  оқу жылында қолыма дипломымды алып, осы жылы осы  мамандық бойынша  магистратураға  құжаттарымды тапсырып, магистратураға түсіп, қазіргі кезде 2 курс  магистрі болып оқу оқып жүрмін.

You are here:
GreenBlueOrangeBack to Top