Перейти к основному содержанию
x
     

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 21-22 қыркүйегінде М.Ж. Көпеевтің 160-жылдығына арналған «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 21-22 қыркүйегінде М.Ж. Көпеевтің 160-жылдығына арналған «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.
Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:

Секцияның атауы

Жауапты хатшы

Электрондық пошта

1

Мәшһүр Жүсіп және Рухани жаңғыру

 

Карипжанова Гүлназ Токеновна

adon70@mail.ru

2

Мәшһүр Жүсіп және әдебиеттану мен фольклортану ғылымдарының мәселелері

Абдырова Ардақ Оразгалиевна

abdyrova77@mail.ru

3

Мәшһүр Жүсіп және жалпы тіл білімі мәселелері

Карипжанова Айнұр Ораловна

ainurok1974@mail.ru

4

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: тарих және өлкетану

Шарипов Анар Тасболатұлы

anuar.vk@mail.ru

5

Мәшһүр Жүсіптің педагогикалық және психологиялық көзқарастары

Жумадилов Нурмагамбет

nurik_kipchak@mail.ru

6

Мәшһүр Жүсіп және қазіргі ғылым мен білімнің көкейкесті мәселелері

Жуманбаева Риза Оразгалиевна

riza16041981@mail.ru

7

Түркі әлеміндегі Мәшһүр Жүсіп және әлеуметтік-рухани мәселелерді шешудегі БАҚ-тың ролі.

Қапасова Бақытгүл Қасымбайқызы

kapasova1970@mail.ru

8

М.Ж. Көпейұлының діни-философиялық көзқарастары және Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі

Коспаков

Айтуар Мейрамович

antuan_90210@mail.ru

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ:

1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс және т.б.
2. Материалдарды жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Тапсыру мерзімі 2018 жылдың 20 тамызына (қоса алғанда) дейін.
3. Мақаланың көлемі А4 форматта 3-5 бетке дейін болуы тиіс.
4. Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.
5. Мақала саны шектелмеген.
6. Құжаттарды жіберу тәртібін қатаң сақтаңыздар: ғылыми мақала + тіркеу парағы автордың (егер бірнеше автор болса, бірінші текпен) тегімен аталады, мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық банкі» жергілікті бөлімшелері арқылы төленуі тиіс. Түбіртектің электрондық көшірмесін (қабылдануы мақұлданған жағдайда) үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберуіңіз тиіс. Түбіртектің түпнұсқасын сақтау қажет.
7. Оқытушыларға, мектеп мұғалімдеріне, докторанттар мен магистранттарға жинақтың бағасы – 3000 теңге, студенттерге – 2500 теңге. ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге (530 руб., 10$). Төлеу кезінде түбіртекте «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері – «Мәңгілік ел» конференциясына қатысу үшін» деген белгі жасау қажет. Жарна әрбір мақала үшін міндетті түрде төленуі тиіс.
8. Жинақ түбіртектің түпнұсқасы бойынша беріледі.
9. Жауапты хатшыдан жауап болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімерден кейін жіберілген мақалалар жарияланбайды.
10. Мақалалардың қабылданғаны немесе қабылданбаған жөніндегі ақпарат 2018 жылдың 23 тамызына дейін Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.
11. Жауапты хатшы аталған талаптарға, секцияның тақырыбына сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы.
12. Ғылыми мақала секцияның тақырыбына сәйкес, өзекті болуы тиіс, материалдың ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы қажет. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.

Толығырақ...