Перейти к основному содержанию
x

24 шілдеден бастап,демалып жатқан Арыс қаласының балалары "Тұлпар" спорттық-сауықтыру лагерінде көңілді демалыстарын өткізуде.Балалармен әр күн сайын көңілді эстафеталар,түрлі спорттық ойындар мен сайыстар өткізіледі.Балалардың көңіл-күйлері өте тамаша,күнделікті бассейнге  шомылып,қызықты уақыт өткізуде.

31 шілде күні университетіміздің мәдени-әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Сейтқасымов Аманай Асылбаевич,Ш.Уәлиханов университеті жанындағы көпсалалы колледжінің директоры Уаисов Рыспай Базарбаевич,Университеттің қауіпсіздік қызметінің басшысы Зейнуллин Серік Папашович,Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі,университет жанашыры Шуатаева Төлеш Рамазановна,"Ата-дәстүр" орталығының басшысы,университет жанашыры Тасенова Гульмира Әкімбаевна келіп,балаларға тәтті тағамдардан дастархан жайып,ойындар ойнап,балалармен әңгімелесіп, қызықты күн өткізді.Ол кісілердің ортасында,Арыс балалары өздерін өте бақытты сезінді және бұл жер оларға қатты ұнайтындығын айтты.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg