Перейти к основному содержанию
x

Арыс бүлдіршіндері «Тұлпар» сауықтыру лагерінде

демалып қайтты

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы да Қазақстан халқымен бірге Арыс қаласында орын алған апатты жағдайдың куәгерлері болған ағайындарға қол ұшын беріп, бір күндік жалақыларын аударып, өзге де қайырымдылық көмек жасаған болатын.

Шілде айында университет ұжымының өкілдері Арыс қаласына барып, қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 15 баланы Көкше жеріне арнайы алып келіп, Арыстан келген бүлдіршіндер үшін Зеренді курортты аймағында орналасқан «Тұлпар» сауықтыру лагерінде 1 айға жуық тегін демалыс, атап айтсақ, қызықты саяхаттар, түрлі шығармашылық, спорттық, қолөнер үйірмелерін ұйымдастырды. Ондағы жатын орны, 5 мезгіл тамақтандыру және барып-қайту жол ақысы  университет ұжымы тарапынан болды.

Сауықтыру лагерінде 1 айдай демалып, ерекше көңіл-күймен, тың серпіліспен оралған балдырғандарды бүгін университеттің бас оқу ғимаратында оқу орнының проректорлары Темірхан Ниязұлы Жарқынбеков, Аманбай Асылбайұлы Сейітқасымов, Айгүл Досжанқызы Жакупова, Әсем Тұрарқызы Дүйсенбина  және факультет декандары мен ұстаздар қауымы құшақ жая қарсы алды.

Кездесу барысында бүлдіршіндерге жылы лебіздер айтылып, естелік сыйлықтар да табысталды.

Сонымен қатар, балалар үшін Көкшетау қаласының көрнекті жерлеріне шағын саяхат та ұйымдастырылды.

         Сондай-ақ, Көкшетау қаласының тұрғындары арасынан да арыстық балаларға көмек қолын созғандар табылды, атап айтсақ, «Олжа», «Спорт мастер» сияқты сауда орталықтары да игі бастаманы жалғастыра отырып, балаларға киім-кешектер мен бірқатар сыйлықтарды тарту етті.

         Әсіресе, қала орталығында орналасқан «Триумф»  сауда орталығының директоры Щурова Мариям Бейсултановнаның бастамашылығымен арыстық балаларға демеушілік қолдау көрсетіліп, сауда орталығы ұжымының көмегімен олар мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешектертермен  толықтай қамтамасыз етілді.

Басына қиындық түскен кезде осындай игі іс жасап, қамқорлық танытып, қайырымдылық қолын созған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев бастаған университет ұжымына, сондай-ақ сауда орталықтарының басшылары мен ұжымына арыстық балалардың ата-аналарының да алғыстары шексіз болды.

Туған еліне аттанғалы отырған   балаларға сәт-сапар дей отырып, ақ жол тілейміз!

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg

080820191609_1.jpeg