Перейти к основному содержанию
x

Білім ордасында Саll center өз жұмысын бастады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде бүгіннен бастап Колл орталық, яғни, cаll center өз жұмысын бастады.

Бұдан былай студенттер мен ата-аналар оқу орнымызға қатысты сұрақтар және анықтамалық ақпаратты -7 (716)2 72-11-12 нөміріне хабарласып біле алатын болады. Студент-жастарымыз үшін қолжетімді ақпарат кеңістігі енді кеңейе түсетіні анық. Бұл, әсіресе, оқуға жаңадан түскен 1 курс студенттеріне таптырмас көмек болады деп ойлаймыз.

Бүгіннің өзінде оқу жүйесі, ғылыми жобалар, халықаралық байланыстар, жатақханаға орналасу, волонтерлік (еріктілер) қозғалысы туралы сұрақтар туындап, толықтай аққпарат беріледі.

Саll center +7 (716) 2 72-11-12

Дата создания