Перейти к основному содержанию
x
Опубликовано admin - 11 October 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы ұлттық музейі, Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш — Қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция бағыттары:

  • Алаш қозғалысының тарихнамасы және мәселелері
  • Мемлекеттілік туралы Алаш идеясы
  • Алаш және рухани жаңғыру идеясы

Конференция — қазақ, орыс,түрік,ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен төленеді.
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2017 жылдың 15 қазанына дейін жіберу қажет.
Жарияланым құны: тегін