Перейти к основному содержанию
x
Опубликовано admin - 12 January 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2018 жылдың 30 наурызында ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Тоқмурзин Қыдырма Хамитұлының 80 жылдығына арналған «Органикалық химияның заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. 
Конференцияның мақсаты: химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан академик Қ.Х.Тоқмурзиннің зерттеулері мен әзірлемелері бойынша органикалық қоспалардың синтетикалық, теориялық, биологиялық және қолданбалы химияның заманауи жағдайын көрсету. 
Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 
1. Органикалық қоспалардың синтезі және зерттелуі.
2. Жаратылыстану ғылымдарының даму барысы.
3. Химияны оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері.
Конференция материалдары ғылыми жинақ (pdf) түрінде жарық көреді. 2018 жылдың 28 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің rnpk_tokmurzin80@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция №; мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1._Иванов_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.
Қосымша