Перейти к основному содержанию
x

Прием в колледж

 

 
тел. 8(7162) 72-11-10, 25-56-26

email: kolledzh.kgu

мекен-жай: Көкшетау қ.,  Абай к., 76

Біз Сізді  2017 жылғы 20 маусымнан бастап дүйсенбі-сенбі  9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліссіз) күтеміз

жексенбі -демалыс

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжге қабылдау мәселелері бойынша «жедел»  телефон желісі 8(7162) 72-11-10   01.02.2017ж. бастап 9.00- ден 17.00-ге дейін  

Құрметті талапкерлер!

Егер де Сіз мамандық таңдау барысында қиналсаңыз –біздің  КОЛЛЕДЖге келіңіз. Уақыт пен абырой біз үшін қызмет етеді.

Табысқа апарар жол осы жерден басталады, себебі біз қазіргі кезеңде қоғамға аса қажет болып табылатын бағыттардағы  жоғары білікті мамандарды даярлау ісін жүзеге асырамыз. 

Колледжде даярлықтың барлық бағыттары бойынша сапалы білім беру үшін қажетті жағдайдар жасалған.

Ал Сіз білесіз бе…

Оқу аяқталған соң мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
⦁    Оқуды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде жалғасыруға болады.
⦁    Мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
 
Ш. Уәлиханов атындағы   КМУ жанындағы техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын көпсалалы колледжге оқуға қабылдаудың 2016-2017 жылға арналған ережелері.

Жалпы ережелер

1. Колледжге  оқуға қабылдаудың осы ережесі (Бұдан әрі - Ереже) Уәлиханов атындағы   КМУ жанындағы техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын көпсалалы колледжге (бұдан әрі-колледж) оқуға қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №130 «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 14 сәуіріндегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» бұйрығына, Астана қаласы әкімінің 2015 жылдың 6 тамызындағы № 107-1346  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес белгілейді.

2. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы  көпсалалы колледжге  негізгі орта  (негізгі жалпы) білімі, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), ортадан кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білім бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.  

3. Ш. Уәлиханов атындағы   КМУ жанындағы техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын көпсалалы колледжге оқуға қабылдау тәртібі.
Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру

4. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжге тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж директоры жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

5. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

6. Азаматтардың колледжде оқу туралы өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында,
2) сырттай оқыту нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

7. Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, мінездеме, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), егу картасының көшірмесін, 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі. Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

8. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
 1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
      2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
      3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
      4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

9. Негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж басшылығы белгілейді.

10. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

  • 1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
  • 2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.

11) Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер бойынша емтихандар кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір күн ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

12. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Студенттер құрамына қабылдау
Азаматтарды колледжге  білім алуға қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледжде жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
      Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

      Студенттер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

  • 1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика, мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
  • 2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика, мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.

      Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі.

Орта буын мамандарын даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау төмендегідей жүргізіледі:

  • 1) күндізгі оқыту түріне - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
  • 2) сырттай оқыту түріне – 15-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Іріктеу шарттары Заңның 26 бабының 5 тармағына сәйкес айқындалады: техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлығы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталғандардың;
2) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар (бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдармен марапатталғандар), тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын республикалық және халықаралық олимпиадалардың  жеңімпаздарының, сондай-ақ ағымдағы жылы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар (бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдармен марапатталғандар) жеңімпаздардың (таңдап алынған  мамандықтары олимпиада, конкурс пәнімен сәйкес келген жағдайда) басым құқығы бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар қатарына алу конкурсын өткізу кезінде қөрсеткіштер бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болғанда) жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

14. Колледждің білім алушылар қатарына алу қабылдау коммисиясының әр мамандық бойынша өтетін ашық отырысында жүргізіледі.

15. Колледж студенттері құрамына қабылдау туралы бұйрық қабылдау комиссиясының шешімі негізінде шығарылады.

Техникалық және кәсіптік білім берудің
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім ұйымдарына
оқуға қабылдау қағидасының
№1 қосымшасы

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы Көпсалалы колледждің техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы:

9 сынып негізіндегі негізгі орта білім (жалпы негізгі)

11 сынып негізіндегі орта білім (жалпы орта)

0111000

Негізгі орта білім

 

 

 

0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

0111023

Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс әдебиеті

Орыс әдебиеті

0111083

Шет тілінің мұғалімі школы

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі

0111093

Информатика мұғалімі

Математика

Математика

0510000

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Математика

Математика

1305000

Ақпараттық жүйелер(қолдану салалары бойынша)

 

Математика

Математика

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Дүниежүзі тарихы

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

Математика

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

Математика

Математика

Техникалық және кәсіптік білім берудің
Оқу  бағдарламаларын іске
асыратын білім ұйымдарына
оқуға қабылдау қағидасының
№2 қосымшасы

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы Көпсалалы колледжге 2016-2017 оқу жылы қабылдау бойынша біліктілігі мен оқыту мерзімдері көрсетілген мамандықтардың тізбесі
Көпсалалы колледж еңбек нарығында талап етілетін келесі мамандықтар бойынша кадрлар даярлығын жүзеге асырады:

***
0111000 Негізгі орта білім ·
Оқу мерзімдері:··· 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Біліктілік: 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Біліктілік: 0111023 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Біліктілік: 0111083 шет тілі мұғалімі
Біліктілік: 0111093 Информатика мұғалімі

***
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)·
Оқу мерзімі:· 9 сынып негізінде. – 2 жыл 10 ай,
11сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Біліктілік: 0518033 Экономист-бухгалтер

***
0516000 Қаржы · (салалар бойынша)·
Оқу мерзімі:· 9 сынып негізінде. – 2 жыл 10 ай,·
11сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Біліктілік: 0516053 қаржы жұмысы жөніндегі экономист

***
0201000 Құқықтану·
Оқу мерзімі:·· 9 сынып негізінде. – 2 жыл 10 ай,
11сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Біліктілік:  0201013 Заңгер

***
1305000 Ақпараттық жүйелер(қолдану салалары бойынша)·
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай,
11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
Біліктілік: 1305023 Техник-бағдарламашы ·

***
1510000 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл 6 ай.
11 сынып негізінде – 2 жыл 6 ай.
Біліктілік: 1510043 Техник-механик

Біздің колледжде:

  • жоғары білікті оқытушылар құрамы;
  • эстетикалық талғаммен безендірілген және жабдықталған оқу дәрісханалары·;
  • жаңа ғылыми, оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен үнемі толықтырылып, жаңартылып отыратын бай кітап қоры бар кітапхана;
  • заманға сай жабдықталған компьютерлік сыныптар мен ең соңғы үлгідегі жаңа компьютерлік технологиялар;
  • Республикалық ЖОО-аралық электронды кітапханаға шығу мүмкіндігі бар, сымсыз WI-FI интернет желісі бар;
  • интернет –кафе;
  • технологиялық және өндірістік практиканы ұйымдастырудың жоғары деңгейі;
  • спорттық  және тренажер залдары;
  • спорт секциялары жұмыс істейді;
  • Арасан» емдеу-сауықтыру орны
  • Зеренді к. «Тұлпар»  студенттік-сауықтыру лагері ;
  • жатақхана;
  • студенттік тамақтану орталығы;
  • үздік түлектерді жұмысқа орналастыру;