Перейти к основному содержанию
x

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «31» қазандағы

№ 600 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі ЖОО) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын

 білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

 

3. ЖОО-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

4. Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

5. ҰБТ нәтижесі бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-ға 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

ЖОО-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                      2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – №204 бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.

6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ҰБТ нәтижесімен қабылданады.

ЖОО-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жазбаша емтихан нысанында жүзеге асырады.

ЖОО-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтарына ақылы негізде қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары шығармашылық емтихан нысанында жүзеге асырады.

7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖОО-ларға қабылдауды ЖОО дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын  жүзеге асырылады.

8. ЖОО-ға оқуға түсу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.

9. ЖОО-ға түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖОО-ларда жүзеге асырылады.

11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖОО-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы                  2 шілдедегі №373  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖОО-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.

12. Әр ЖОО-да бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына проректорлар, ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдау комиссиясының төрағасы сайланады. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысын тағайындайды. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

 

 

1-параграф. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

 

13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖОО-ның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растайтын және денсаулық саласындағы білім және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрлары мен білім алушыларының құзыреттерін бағалайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген ұйым (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым) басшысы немесе оның міндетін атқарушының шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады.

Комиссия құрамына ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымның, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

«Өнер» және «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті органның өкілдері кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу білім бағдарламалары топтары бойынша осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсырушы адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына  келесі құжаттарды:

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
  2. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосуретін;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  4. ҰБТ сертификатын (бар болса);
  5. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) тапсырады.

Арнаулы дайындықты талап ететін «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсетін адамдар денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымға келесі құжаттарды:

  1. еркін нысандағы психометриялық тест түрінде арнаулы емтихан тапсыру туралы өтінішті;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруы қажет.

16. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖОО орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

18. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖОО-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдарда күнтізбелік жылғы 1 сәуір – 15 маусым аралығында жүзеге асырылады.

19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖОО-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бейіндік пәннен балдары ескеріледі.

20. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ЖОО-ға түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша ЖОО-ға түсуші адамдар денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдар өткізетін  психометрикалық тестілеу нысанындағы бір арнаулы емтихан тапсырады.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖОО-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.

21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖОО-лар әзірлейді және ЖОО-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды өткізу бағдарламаларын денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдар әзірлейді және денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға  бекітеді.

22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар  бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.

Бұл ретте «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтиханға 100 (жүз) тест тапсырмасы кіреді. Әрбір дұрыс жауап үшін оқуға түсуші 0,2 балл алады. Психометриялық тестілеу нысанындағы арнаулы емтихан нәтижелері бойынша 10,0 (он) балдан кем алған оқуға түсуші «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға жіберілмейді. Психометриялық тестілеуді күнтізбелік жылда қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша алған балдары көрсетілген рұқсат беру ведомосы мен комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

Психометриялық тестілеу нәтижелері денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымның ресми сайтында психометриялық тестілеу өткізілген күні орналастырылады.

28. «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖОО-ға ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.

29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Бұл ретте «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша апелляциялық комиссия құрамына медициналық ЖОО-лар мен денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдардың өкілдері кіреді.

30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

32. ЖОО-лар меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

Денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым психометриялық тестілеу түрінде өткізілген арнаулы емтихан аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша оқуға түсушілердің психометриялық тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі  қорытынды есепті ұсынады. 

 

 

3-тарау. ЖОО-ға қабылдау тәртібі

 

33. Студенттерді ЖОО-ға қабылдауды ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен  қаражат есебінен білім беру гранты иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

Оқуға түсушілер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:

  1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
  2. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
  3. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  4. ҰБТ сертификатын;
  5. ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  6. білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

4) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек келісімшартын;

5) еңбек келісімшартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәледейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

6) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағына сәйкес ЖОО-ға қабылдау үшін адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);
  2. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
  3. № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  4. ҰБТ сертификатын қоса береді.

34. ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін ЖОО-лар Заңның                     43-1-бабының 2) тармағының 6) тармақшасымен реттелген, ЖОО-ның бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларына сәйкес қосымша емтихан өткізеді.

35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.

Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.

36. № 204 бұйрықпен белгіленген мерзімде ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғанға дейін ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді.

Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың                      33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.

37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижесі бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді.

Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.

38. ЖОО-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.

39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖОО-ның студенттері қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап                        4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.

40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

41. ЖОО меншік нысанына қарамастан, қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға                  ЖОО-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.

 

 

 

 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына

қосымша

 

 

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін

білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

 

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

Педагогика және психология

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Кәсіптік білім мұғалімдерін даярлау

Математика мұғалімдерін даярлау

Физика мұғалімдерін даярлау

Информатика мұғалімдерін даярлау

Химия мұғалімдерін даярлау

Биология мұғалімдерін даярлау

География мұғалімдерін даярлау

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі мен  әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі мұғалімдерін даярлау

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар

Мейірбике ісі

Жалпы медицина

Стоматология

Педиатрия

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Музыка мұғалімдерін даярлау

Бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін даярлау

Музыка өнері

Театр өнері

Аудиовизуалдық құралдар мен медиа өнеркәсібі

Бейнелеу өнері

Сән, дизайн интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

Дін және теология

Журналистика және репортер ісі

Сәулет

Тынығу