Skip to main content
x

Еркеш Ибраһимов атындағы ақындар клубы

logo_klub.jpeg

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау  университеті

Еркеш Ибраһимов атындағы ақындар клубы

 

Ақындық – сөз өнерінің аса қастерлі саласы, шығармашылық қуат пен шынайы талаттың биік өлшемі, жыр құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.

Мақсаты мен міндеті:

•        Поэзия арқылы талантты жастардың көзін ашуға, отанды сүюге тәрбиелеуге қолдау көрсетіп, өнерлерін халыққа таныту;

•        Жалынды жастарға бағыт-бағдар беру;

•        Асыл сөзбен шындықты аршып айтар батыл да батыр  мінезді жастарымызға қолдау көрсету;

•        Поэзиядай бекзат өнердің қыр-сырын меңгертіп, тұмар жырдың бұлағынан сусындатып жас ақындардың шыңдалуына септігін тигізу;

•        Талантты студенттеріміздің жыр жинақтарын шығаруға, шығармашылық кештерін өткізуге және өлеңдерін газет беттеріне шығаруға ат салысу, бойындағы табиғат берген ақындық өнерін одан ары дамытуына жағдай жасау;

•        Ұлттық әдебиетіміздің көрнекті сыршыл ақыны Еркеш Ибраһимовтың әдеби мұраларын зерделеу;

•        Ұлттық сананы көтеру, қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ жастарының бойына сіңіру;

•        Поэзия әлемінде әр ақынның өзіндік қолтаңбасын қалыптастыру.

•        Әдеби ғылыми орталыққа айналдыру. Университет қабырғасындағы белгілі профессорлармен тығыз байланыс орнатып талдау. Теориялар жүйесімен жаңашылдыққа ұмтылу.

 

Телефон номері: +7 708 166 57 05.

Instagram: aqyndar_kgu.

1.jpg

 

1.jpg

 

1.jpg