«ИНСАЙТ» ПСИХОЛОГТАР КЛУБЫ
«Инсайт» психологтар клубы – кәсіби мақсаттарды іске асыруға арналған психологиялық мамандықтармен психологтардың еркін бірлестігі. «Инсайт» психологтар клубының мақсаты – толық кәсіби даму мүмкіндіктерін іске асыру, қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасу, өзара жұмыс істеу және көмек көрсету.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерінің дамуына,рухани және кәсіби тұрғыда білім деңгейінің баюына мүмкіндік береді.
Міндеттер:
- Клуб мүшелеріне кәсіби-маңызды ақпарат беру;
- Клуб мүшелерінің зиярткерлік, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына және кәсіби тұрғыдан дамуына ықпал ететін ғылыми конференциялар, форумдар, шебер сыныптар, методологиялық семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
- Клуб қызметінің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес келетін бағдарламалар мен жобаларға бастамашыл болып, оларды әзірлеуге қатысу.
Клуб жетекшісі - практикалық психолог Авагян Гоар, төрайымы – «Психология» мамандығының 4 курс студенті Рахимова Зарина.
Бас ғимарат, № 602 каб.
Instagram: Psychology_club_insayt