ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қос дипломды білім беру (ҚДББ) - бұл екі (және одан да көп) ЖОО-да бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша қатар білім алып, әрі қарай тиісті оқу орындарының дипломдарын алу мүмкіндігі.
ҚДББ бағдарламасының артықшылықтары:
- халықаралық тәжірибе;
- ЖОО аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективалары;
- серіктес ЖОО-ның жетекші оқытушыларынан прогрессивті білімді игеру;
- қос дипломды алу (Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті +серіктес ЖОО).
Оқу шарттары:
- жақсы академиялық үлгерім;
- шет тілін еркін білу;
- білім алушыларының өзге серіктес ЖОО-да білім алудағы қызығушылығы;
- оқыту бағдарламасының қаржылық қамтамасыз етілуі.
Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестер:
Балтық халықаралық академиясы (Рига, Латвия);
Білім беру бағдарламалары:
1) жеке құқық (магистратура);
2) туристік бизнесті ұйымдастыру. Демалыс және ойын-сауық индустриясындағы коммуникацияларды басқару (магистратура).
Кіиапханатану және ақпараттық технологиялар университеті
(София, Болгария);
Білім беру бағдарламалары:
1) кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді басқару, басқару және қорғау (бакалавриат);
Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Омбы, Ресей Федерациясы)
Білім беру бағдарламалары:
- Шет тілдерін оқыту әдістемесі (магистратура);
- Бағдарламалау және ақпараттық технологиялар (магистратура);
- Органикалық химия (магистратура);
- Ұйымдастыру психологиясы (магистратура);
- Математикалық модельдеу (магистратура).
Томск мемлекеттік университеті (Томск қ., Ресей)
Білім беру бағдарламалары:
1) Қоршаған ортаны қорғау (магистратура)
Оқыту тілдері: орыс тілі, ағылшын тілі
Бағдарламаның нәтижелері: Әр серіктес ЖОО-нан академиялық дәреже мен транскриптті беру туралы қалыптасқан үлгідегі дипломдар
Қосымша ақпаратты Бас оқу ғимаратының 212 кабинетінде алуға болады.
Анықтама алу үшін телефондар: +7(7162) 72 11 22, 8 708 444 24 16
e- mail: academ.poly.dep@gmail.com