Skip to main content
x

Магистратураға қабылдау

Магистратура

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған, оқыту талаптары мен мерзімдері бойынша ерекшеленетін магистрлік бағдарламалар бойынша даярлауды жүзеге асырады.

КУ жоғары оқу орындарының түлектерін магистратураға тиісті білім туралы дипломдармен қабылдайды.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 18 маусымнан 15 шілдеге дейін

 

Кешенді тестілеуді өткізу мерзімі 2021 жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін

 

Конкурсты өткізу мерзімі 10-25 тамыз аралығында

 

ЖЖОКБҰ-ға магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында жүргізеді.

КТ магистратураға күнтізбелік жылдың 1-15 тамызы аралығында өткізіледі.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

Оқуға түсу (шығармашылық) емтихандары мен КТ-ны оларды тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

Ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС)/International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш ЛангуджТестс Систем), шекті балл - кемінде 6,0;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл - кемінде 543 балл;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл - кемінде 60;

TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 498;

CEFR (Common European Frameworkof Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк ОвРефэрэнс), шекті балл - В2;

Неміс тілі: DeutscheSprachpruеfungfuеrdenHochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюрдейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/C1 деңгейі);

Француз тілі: Testde Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), уровень B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де ЛангФрансэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – 50 балдан кем емес).

 

КУ магистратурасының білім беру бағдарламаларына магистратураға тұлғаларды қабылдау

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес магистратураға: кемінде 50 балл, оның ішінде шет тілі бойынша-кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жүзеге асырылады.

Ең төменгі шекті мәні бар шет тілі бойынша сертификат болған жағдайда талапкер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады және сертификатта шет тілі үшін ең жоғары ықтимал балл – 50 балл көрсетіледі.

Шекті балл өзгеруі мүмкін - ҚР БҒМ реттейді.

 

КУ магистратурасына түсуші талапкерлер келесі құжаттарды тапсырады:

Перечень документов

1

Ұйым басшысының атына өтініш

2

Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері

3

Жеке куәлігінің көшірмесі

4

Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы

5

Еңбек кітапшасының нотариалды түрде расталған көшірмесі (болған жағдайда)

6

3x4 өлшемдегі алты фотосурет

7

075-У нысанындағы медициналық анықтама;

8

Бағдарламалар бойынша кешенді тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда)

9

IELTS, TOEFL сертификаты (болған жағдайда)

 

Қабылдау комиссиясының байланыстары
послевузовских білім беру бағдарламаларын:

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - жұма: 9:00 - 18:00

Сенбі: 9:00 - 13:00

Байланыс телефондары:

+7 (701) 743-21-47

+7 (776) 158-88-00

+7 (705) 783-29-93