Skip to main content
x

2020 жылдың 3 желтоқсанында Құқықтану кафедрасы әлеуеттік жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды. Атап айтсақ: 1.Ақмола облыстық сотынан Қасымова Д.Т. 2.Ақмола облысының прокуратурасынан Ильясов А. 3.Ақмола облысы әкімінің аппаратынан З.Рүстем. 4.Ақмола облысының полиция департаментінен Кочубаева А.Б. 5.Ақмола облысының ішкі саясат департаментінен А.К.Әзірбаева. 6.Көкшетау станциясындағы ЛОП-дан Б.Мәулиев және білім беру бағдарламасының жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Е.В.Максименко қонақтарды білім беру бағдарламасымен таныстырды.

Шара барысында өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, дайындық бағыттары бойынша "Құқықтану" мамандығының білім беру бағдарламаларын оңтайландыруды жүргізу мәселесі талқыланды. Осыған байланысты жаңа оқу пәндерін құру мақсатында жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері үшін әлеуетті жұмыс берушілер болып табылатын ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында жұмыс берушілердің оқу процесіне Юриспруденция саласында білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға көмектесетін пәндерді енгізу туралы тілектері тыңдалды.

Дөңгелек үстелге сондай-ақ, меңгерушінің м.а. Тилеубергенов Е.М., оқу бөлімінің әдіскері Туленова А., аға оқытушылар Омаров А. Ж., Сокова А. Т., Хабдулин А.Б. қатысты.

091220201434_1.jpg

091220201434_1.jpg

091220201434_1.jpg

091220201434_1.jpg