Skip to main content
x

Жиырма жылдан астам уақыт бойы Заңтану кафедрасы құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құқықтық мемлекет институттарын дамыту және Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді іске асыру азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты болады.

Кафедра 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін мемлекеттік тілде, ал 17.00-ден 18.00-ге дейін орыс тілінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тәрбие жұмысы бөлімімен бірлесіп, "AntiParaCraft2021" квест-ойынының команда мүшелері үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" семинарын ұйымдастырып өткізді.

 Түсіндіру жұмыстарын Заңтану кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Е. В. Максименко және Заңтану мамандығының екінші курс магистранты, "Саналы ұрпақ" университеттік студенттік клубының төрағасы Б. Амангелді жүргізді.

 Сөз сөйлеу барысында: сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның тарихы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі, белгілері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері мен құрамы, олардың түрлері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік сипаттары ашылды.

 Қоғамдық бақылаудың рөлін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, халықаралық стандарттарды енгізу - бұл Құқықтық саясаттың дұрыс бағыттары. 2020 жылы Қазақстан ИВК рейтингінде 19 позицияға көтеріліп, 94-орынды иеленді.

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу білімге, моральдық-этикалық, діни және басқа көзқарастарға байланысты барлық құқықтық тәрбиенің бөлігі болып табылады.

Адалдық пен парасаттылық әрдайым қатар жүруі керек, болашақ осыған байланысты.