Студенттік парламент (бұдан әрі- СП) Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің студенттік өзін-өзі басқарудың өкілдік органы болып табылады.
СП қызметі еріктілік, оған қатысушылардың тең құқылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негізделеді.
СП-нің негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
- студент жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, студент жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде олардың бастамаларын ұсыну;
- жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету;
- қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық қызметтің түрлі салаларында жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту;
- жастардың азаматтық, әлеуметтік және мәдени әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
СП өз қызметінің негізгі мақсаттарына сәйкес өз алдына келесі міндеттерді қояды:
- студенттік жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, интеллектуалдық, шығармашылық және дене бітімінің дамуы, оның студенттік бастамаларын, ғылыми және шығармашылық әлеуетін іске асыру бойынша Университеттің басқа да қоғамдық жастар бірлестіктерімен СП-нің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
-студент жастарда белсенді өмірлік ұстанымды, университеттің, қаланың, облыстың, республиканың қоғамдық-саяси өміріне қатысуға дайындығын қалыптастыру;
- жастар саясаты саласында ақпараттық-талдау және кеңес беру қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу.
- түрлі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін тарта отырып, жастар мәселесі бойынша тыңдаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және бастамашылық жасау;
- СП депутаттарында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын, саяси мәдениет негіздерін дамыту.