Жиырма жылдан астам уақыт бойы Заңтану кафедрасы құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құқықтық мемлекет институттарын дамыту және Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді іске асыру азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты болады.