Skip to main content
x

Цифрлік ЖОО бөлімі

Цифрлік ЖОО бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеті білім беруді цифрландыру жобасын кезең-кезеңмен іске асыру, университетті жабық корпоративтік желі базасында оқу және өндірістік процестерді ақпараттандырудың технологиялық платформасымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлім қызметі:

  1. Білім беру қызметінің қажетті бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу;
  2. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
  3. АЖ сүйемелдеу;
  4. Web-сайттар мен порталдарды әзірлеу және қолдау;
  5. Білім беру порталын басқару және сүйемелдеу;
  6. Білім беру және ғылыми қызметте жаңа және жаңғыртылған компьютерлік және проекциялық техниканы пайдалану бойынша техникалық шешімдерді жобалау және енгізу, ЖОО ақпараттық инфрақұрылымының жаңа объектілерін құру;
  7. Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттандыру мәселелері, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және дамыту мәселелері бойынша консультациялық және ақпараттық қызмет көрсету