Skip to main content
x

Докторантураға қабылдау

" Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ магистратура және докторантураның қабылдау комиссиясы Ш.Уәлиханов" мекен-жайы: Абай көшесі, 76.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +77017432147 Нұрмұханбетова Нұргүл Нұркенқызы-қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; +77057832993 Ескендирова Азиза Айбекқызы – техникалық хатшы.

 

Докторантура –  білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

Магистранттар мен докторанттарға дәрістерді шетелдік ғалымдар оқиды. Университеттің халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар ғылыми тағылымдамаларға міндетті түрде шетелдердің жоғары оқу орындарына барады. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында магистрлерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайын арттыру көзделген.

Магистратураға/докторантураға қабылдау  жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Магистратураға / докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын :
⦁    таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, неміс , француз);
⦁     мамандық бойынша тапсырады.

Магистрантта/докторантта магистратураның/докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын игеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы керек. Пререквизиттер болмаған жағдайда оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады, бұл үшін университет жазғы семестрді ұйымдастырады.

Магистратураға/докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі

Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш;
  2. Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
  3. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы;
  4. Еңбек кітапшасының  нотариалды түрде расталған көшірмесі  (болған жағдайда);
  5. 3x4 өлшемдегі алты фотосурет;
  6. 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Ғылыми жарияланымдар мен  ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
  9. Шет тілінен тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа);
  10. Файлды қағаз тігетін папка;
  11. Конверт (диплом пішіні бойынша), 3 файл.
  12. Ақылы негізде түсуші тұлғалар үшін  магистратураға қабылдау барысында – келісімшарттың жасалуына және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат.