Ш. Уалиханов атындағы КМУ басты функциялары мен міндеттері
Ғылыми атауларды иелену ережелері
Ғылыми жұмыстар тізімін тіркеу
2020-2021 оқу жылына арналған Ғылыми кеңес жоспары
2018-2021 жылдарға арналған Ғылыми кеңес құрамы
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
м.а. 2007 жылдың 22 қарашасындағы
№574 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі
қызметінің және оны сайлау тәртібінің
үлгі ережелері
1. Жалпы ережелер
Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасынының 2007 жылғы шілденің 27-сіндегі «Білім туралы» заңының 44 бабы 9 тармағына сәйкес әзірленген.
1. Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) жоғары оқу орнын алқалық басқару нысанының бірі болып табылады.
2. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ жоғары оқу орнының (бұдан әрі ЖОО) жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңес қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.
2. Құрамы, құрылымы және қызметтері
- Ғылыми кеңестің құрамы және оны сайлау тәртібі
- Ғылыми кеңес ЖОО жетекшісінің бұйрығымен құрылады.
- Ғылыми кеңестің құрамына ЖОО-ның жетекшісі, жетекшінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, профессор-оқытушы құрамының, ЖОО-ның студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді. ЖОО-ның жетекшісі Ғылыми Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі -төраға) болып табылады.
- Төраға Ғылыми кеңес төрағасының орынбасарын тағайындайды.
- Төраға болмаған кезде орынбасар оның міндетін атқарады.
- Төраға Ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеге сәйкес қамтамасыз етеді.
- Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына әзірленіп, бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.
- Ғылыми кеңес отырыстары айына кем дегенде бір рет тиісті оқу жылына әзірленіп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
- Егер де Ғылыми кеңес отырыстарына оның мүшелерінің кем дегенде 2/3 қатысса, онда ол заңды күші болып табылады.
- Ғылыми кеңестің мүшесі дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің отырысына қатыса алмайтын болса ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек.
- Ғылыми кеңестің шешімдері Ғылыми кеңестің отырысына қатысушылардың басым бөлігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.