Skip to main content
x

Халықаралық ұйымдардың конкурстық бағдарламалары

ҚР БҒМ Республикалық бюджеті есебінен қаржыландырылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу


Кім қатыса алады:
- бакалавриаттың 1-3 курс бағдарламасы бойынша білім алып жатқандар

Қаржыландыру:
- кейбір университеттерді қоспағанда, оқыту тегін негізде жүзеге асырылады (серіктес-ЖОО тізімін қараңыз);     

Сонымен қатар, төмендегі шығыстар жабылады:

- визаны рәсімдеу
- медициналық сақтандыруды ресімдеу

- әуе билеті

- тұру.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар

- паспорттың түрлі-түсті көшірмесі;

- транскрипт – (БҚКО тапсырыс беріледі) - (GPA 3,00-ден төмен емес);

- IELTS немесе TOEFL сертификаты (сонымен қатар Ш. Уәлиханов КМУ тестілеуден кейін берген В2 кем емес шет тілінің деңгейін растайтын сертификат ұсынуға болады) 

- файл - 1 дана;

- бал. 082у  үлгідегі медициналық анықтама;

- ата-аналардың келісімі.


Қосымша, болған кезде:

- білім алушының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;

- студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттарды халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсыру қажет (212 каб., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ бас ғимараты).

Қосымша ақпаратты Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бас оқу ғимаратының 212 кабинетінде алуға болады.

Анықтама алу үшін телефондар: +7(7162) 72 11 22, 8 708 444 24 16

e- mail: academ.poly.dep@gmail.com

 

Білім алушылардың Ш. Уәлиханов атындағы КМУ қаражаты есебінен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу

Кім қатыса алады:
- бакалавриаттың 1-3 курс бағдарламасы бойынша білім алып жатқандар

Негізгі ережелер:

Университет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу мақсатында Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті Комиссия жұмысын ұйымдастырады.

Университет қаражаты есебінен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларды іріктеу мүмкіндіктері теңдігінің, білім алушылардың академиялық еңбегі, олардың қабілеті мен қоғамдық қызметке қатысуының принциптеріне сәйкес конкурстың ашық рәсімі шеңберінде жүргізіледі.

Конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтау, академиялық үлгерімі "А", "А -", "В+", "В", "В -", жоғары GPA (3,5-тен төмен емес), шет тілін еркін меңгеру (мүмкіндігінше шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың болуы).

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлерді іріктеу екі кезеңде өтеді:

1) бірінші кезеңде білім алушылар шет тілін білуге тестілеуден өтеді (ең төменгі өту балы - 70%). Халықаралық үлгідегі қолданыстағы тілдік сертификаттары (IELTS 6.0 төмен емес, TOEFL кемінде 550 немесе ағылшын тілін меңгерудің ілгері деңгейін растайтын тілдік орталықтың сертификаты – UpperIntermediate) бар білім алушылар тестілеуден босатылады.

2) университет Комиссиясымен ауызша әңгімелесу екінші кезең болып табылады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін іріктеу жылына екі рет өтеді: қарашада – ағымдағы академиялық жылдың көктемгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін және сәуірде – келесі академиялық жылдың күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін.

Қаржыландыру шарттары:

Сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатысушыларды оқыту, көлік шығындары, тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету құны университеттің қаражаты есебінен және Бағдарламаға қатысушылардың жеке қаражаты есебінен тең дәрежеде жүргізіледі. Сонымен қатар, Университет академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-на баратын адамды оқытуға төлем жасайды, қалған шығындарды (тұру, ұшу, медициналық сақтандыру, виза) студент өзі төлейді.

Егер шетелдік ЖОО-да оқыту тегін негізде ұсынылған жағдайда, Университет ұшу шығындарын (екі жаққа да) және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы-білім алушының медициналық сақтандыруын өтейді, қалған шығындарды (тұру және визаны ресімдеу) бағдарламаға қатысушының өзі төлейді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар 

- паспорттың түрлі-түсті көшірмесі;

- транскрипт – (БҚКО тапсырыс беріледі) - (GPA 3,00-ден төмен емес);

- IELTS немесе TOEFL сертификаты (сонымен қатар Ш. Уәлиханов КМУ тестілеуден кейін берген В2 кем емес шет тілінің деңгейін растайтын сертификат ұсынуға болады) 

- файл - 1 дана;

- 082у  үлгідегі медициналық анықтама;

- ата-аналардың келісімі.

Қосымша, болған кезде:

- білім алушының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;

- студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттардың түпнұсқасын халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсыру қажет (212 каб., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ бас ғимараты).

 

Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (212 кабинетінде немесе 72 11 22, 8 708 444 24 16 телефондар арқылы алуға болады.

 

Өзіндік қаржыландырумен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу

Кім қатыса алады:
- бакалавриаттың 1-3 курс бағдарламалары бойынша білім алып жатқандар;

- магистратураның 1 оқу жылы бағдарламалары бойынша білім алып жатқандар;

- PhD докторантураның 1-2 оқу жылының бағдарламалары бойынша білім алып жатқандар.

Қаржыландыру:  

- шығыстарды академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы - білім алушы өз бетінше өтейді, оған тұру шығындары, көлік шығындары, визаны және медициналық сақтандыруды ресімдеуге жұмсаған шығындар кіреді.

- ақылы оқытуды ұсынатын кейбір серіктес ЖОО қоспағанда, оқыту тегін негізде жүзеге асырылады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар

- паспорттың түрлі-түсті көшірмесі;

- транскрипт – (БҚКО тапсырыс беріледі) - (GPA 3,00-ден төмен емес);

- IELTS немесе TOEFL сертификаты (сонымен қатар Ш. Уәлиханов КМУ тестілеуден кейін берген В2 кем емес шет тілінің деңгейін растайтын сертификат ұсынуға болады) 

- файл - 1 дана;

- 082у  үлгідегі медициналық анықтама;

- ата-аналардың келісімі.

Қосымша, болған кезде:

- білім алушының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;

- студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттарды халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсыру қажет (212 каб., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ бас ғимараты).

 

Құжаттардың түпнұсқасын Халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсыру қажет (212 каб., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ бас ғимараты).


 

Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (212 кабинетінде немесе 72 11 22, 8 708 444 24 16 телефондар арқылы) алуға болады.