Skip to main content
x

Инженерлік бейіндегі ЯМР-спектроскопия зертханасы

Инженерлік бейіндегі ЯМР-спектроскопия зертханасы 

Зертхана химиялық қоспалар құрамын және құрылымын, физикалық және химиялық процестер кинетикасын ЯМР-спектроскопия әдістерімен зерттеуге бағытталған;     

ЯМР спектрометрі: ядролардағы1 жұмыс жиілілігі Н 400 МГц

  • қоршаған ортаның нысандарын және жаңа синтезделген қоспалардың фундаменталды және қолданбалы зерттеулері: синтетикалық та, табиғи да органикалық қосындылардың күрделі қоспалар компоненттерінің химиялық құрылымын сәйкестендіру;
  • қоспалар тазалығын айқындау; 
  • барлық мүмкін ЯМР-белсенді ядролардың спектрілерін (13С, 15N, 125Te, 111Cd, 77Se и т.д.) тіркеу;
  •  ерітінділердің де, қатты үлгілер (СP/MAS) температурасының түрленуі;
  •  зертеулер әдістемелеріне ЯМР спектроскопияның көп қарқынды, көп квантты, динамикалық, селективті тәжірибелер енеді.

Көрсетілетін қызметтер тізімі: 

  • Органикалық қоспаралардың химиялық құрамын ЯМР спектроскопия әдісімен сәйкестендіру.  
  • Қоспалар тазалығын ЯМР спектроскопия әдісімен айқындау. 
  • барлық мүмкін болатын ядролар спектрілерін, ертінділер температурасының түрленуін тіркеу.    
  • ЯМР-дың көп қарқынды спектроскопиясының динамикалық процестерін зерттеу. 

--- 2018 жылға арналған ПРАЙС  ---

--- ЖАРНАМАЛЫҚ ТҰСАУ КЕСЕР ---

 

Зертхананың материалдық базасы  

 

1. JNM-ECA 400. Ядролық магнитті резонанс спектрометрі  

Спектрометр ғылыми, білім беру және коммерциялық мақсаттардағы физикалық-химиялық зерттеулерге арналған толық автоматтандырылған аспап.

ЯМР-спектрометр JNM-ECA Jeol 400 химия, медицина, экология, энергетикада және өзге де салаларда заттың құрылымдық формуласы, электронды және кеңістікті құрылысы, оның тазаланғандық деңгейі және изотопты құрамы, үзінді түріндегі, құрылымдық-топтық, сондай-ақ компоненттік құрамдар, технологиялық өзгерістер сияқты маңызды көрсеткіштерді айқындау мақсатында сұйық орталар құрамын анағұрлым сапалы және дәл анықтау үшін қолданылады. ЯМР спектрлеріндегі сызықтардың саны мен тұратын орны шикі мұнай, синтетикалық каучук, жаңа полимерді материалдар, жанартастар, көмір, дәрі-дәрмек, препараттар, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің сапасын бақылаудың барлық фракцияларын бір мағыналы сипаттайды. Сонымен қатар, дәннің сақталуын бағалай алалады, тұқымдар майлылығы мен ылғалдылығы өйлшей алалады, дәндегі балауыз құрамын тіркей алалады.

Техникалық сипаттамалар:  

  • Магнит өрісі 9.39 T;
  • Жұмыс жиілілігі 1Н үшін 400 МГц;
  • Жиіліліктердің жұмыс аралығы 10 — 430 МГц кем емес;
  • Жұмыс температураларының облысы кем дегенде –140°С — +180°С,  температураны сақтау дәлдігі 0,1°С кем емес; 
  • Беріліс тракты. Жиіліктердің сандық синтезі;   
  • Қабылдау трактісі. Толық цифрланған, квадратурлық тіркеу, Полностью цифровой, квадратурная регистрация, АЦП 16 бит, 2 МГц кем емес. Инверсті датчиктермен жұмыс істеу мүмкіндігі;   
  • Түрлі датчиктер.

2. Газды Bruker 430-GC хроматографы

  • Bruker 430 қарапайым басқаруымен бюджетті бір каналды газды хроматограф болып табылады.   
  • Көптеген аналитикалық есептерге шешуге икемді.
  • Талдауға қойылатын талаптар өзгергенде, қарапайым түрде түрленеді. 
  • Қолмен және автоматты түрде басқарылады.
  • Интуитиялық түсінікті интерфейс.
  • Жинақы өлшем. 

Пайдалану саласы: 

  • Азық-түлік талдауы; 
  • Мұнай мен мұнай өнімдерін талдау; 
  • Экологиялық талдаулар;
  • Токсикологиялық талдаулар.

Өндіруші: Bruker Daltonics.

3. УВИ-спектрофотометр СФ-56

Бір сәулелі СФ-56 спектрофотометрі химия, мұнай химиясы, фармакология, экология, азық-түлік өнеркәсібіндегі, медицина, биологияда және т.б. түрлі заттарды талдауға және сәйкестендіруге арналған. Спектрофотометрдің басқарылуы және нәтижелердің өңделуі IBMPC түріндегі компьютермен іске асырылады.  

         СФ-56 спектрофотометрі классикалық сканерлеу үлгісі бойынша жасалған, берілген спектр учаскелерін бір рет және көп рет сканерлеуге мүмкіндік береді. Аспап үлкен динамикалық өлшеу  аралығымен, жоғары дәлдікпен және нәтижелер ұқсастығымен ерекшеленеді, пайдалануда қарапайым әрі ыңғайлы.

 

Автоматтандырылған кюветті бөлім ұзындығы 10-50 мм аралықта зерттелетін 5 үлгіні бір уақытта орнатуға мүмкіндік береді. 

Спектрофотометр жұмысының негізгі режимдері:

  • Оператор тапсырма берген уақыт аралығында берілген толқындар ұзындығында өлшеу циклдері арасында автоматты түрде бір рет немесе көп рет өлшеулер жасау; 
  • Берілген спектр учаскелерін сканерлеу;
  • Сапалы талдау жасау үшін берілген спектр учаскелерін бейне мониторға шығару; 
  • кинетикалық өлшеулер жүргізу; 
  • шоғырлануды айқындау;  
  • өлшем нәтижелерін, оның ішінде реакция жылдамдығын анықтау, оптикалық тығыздық пен шоғырлануды есептеу, сондай-ақ зерттелетін нысандардың түсті сипаттамаларын есептеу.  

СФ-56 испектрофотометрдің техникалық сипаттамасы

Атауы

Спектрофотометр түрі

СФ-56

1

Спектралды аралық, нм

Өлшеу аралығы

190 - 1100

2

 

Өткізу коэффициенті, %

Оптикалық тығыздық, ОТ бірл.  

0,01 - 200

-0,3 - 4,0

3

Өткізу коэффициентін өлшегендегі, %.

оптикалық тығыздықты өлшегенде, ОТ бірл.  

Фотометриялық қайталанғыштық 

неболее ±0,2

±0,003 при ОП=1,0

4

Өткізу коэффициентін өлшегендегі, %.

оптикалық тығыздықты өлшегенде,ОТ бірл.  Толқындар ұзындығын орнатқандағы қателіктер, нм

0,01

 

0,0005

5

200-ден 390-ға нм дейінгі аралықта  

390-нан 1100 нм аралықта 

±1,0

±1,0

6

Спектралы саңылаудың ең кіші ені, нм

Кюветті бөлім

0,1

7

Үлгілер саны 

Үлгілердің ауысуы 

термостаттау, °С

6

автоматическая

-

8

Габаритті өлшемдері, мм

430х480х200

9

Салмағы, кг

16

10

Тұтынатын қуат, В·А, артық емес

100

11

Қоректену

Кюветтің базалық жинақтамасы: 10 мм-лік оптикалық жол ұзындығымен К-10 кварцты, дана  кювет ұстаушысы К-10 (1,2,5), дана.

220 В, 50 Гц

 

6

 

1

 

Инженерлік бейіндегі зертхана қызметкерлері

СЕЙІЛХАНОВ Төлеген Мұратұлы,

зертхана жетекшісі, х.ғ.к.,   профессор

 

 

СЕЙІЛХАНОВ Олжас Төлегенұлы,

зертхана аға ғылыми қызметкері,   физика магистрі

 

 

 

 

 

 

Сейілханов Төлеген Мұратұлызертхана жетекшісі, х.ғ.к., профессор.

Тел.: 8-702-221-78-80, 8-708-444-32-87, 124 каб.

tseilkhanov@mail.ru