Skip to main content
x

Медициналық факультет

МУРАТБЕКОВА СВЕТЛАНА КАБДЕНОВНА

МУРАТБЕКОВА СВЕТЛАНА КАБДЕНОВНА

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, М.Ғ.Д.

Адрес: Абая,76, корпус №1, кабинет № 105

Тел. приемной деканата: 8(7162)40-13-61

e-mail: medicina.fakultet@bk.ru, med@skokan.edu.kz

                                                      

                                                      

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КЕАҚ

 

 медицина факультетінің сайтына қош келдіңіздер!

 

Сайттан Сіздер біздің факультет туралы, білім беру бағдарламалары (ББ), факультеттің құрылу тарихы, кадрлық әлеует туралы біле аласыздар. Мұнда біз туралы фотосуреттер мен бейнелер галереясы ұсынылған.

Дәрігердің қалыптасуында мамандық, білім, психологиялық үйлесімділік, мәдениет пен тәрбие, сыртқы келбеті, риясыздық, сөз бен іс-әрекеттің сәйкестігі, кәсіби құпияны сақтау, гуманизм, азаматтық және патриотизм маңызды.

Дәрігер оның қоғамдағы орны ерекше, дәрігерлер емес мамандардың арасында ол бірінші болуы керек екенін сезіну керек, өйткені ол әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат береді.   

Құрметпен, медицина факультетінің деканы,м.ғ.д.,

профессор Светлана Қабденқызы       Мұратбекова                                                      

Макенов Жанат Вахитович

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Макенов Жанат Вахитович

Медицина факультеті деканының шетел студенттерімен жұмыс жасау жөніндегі орынбасары

Оспанова Шамшикамал Шакуовна

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Оспанова Шамшикамал Шакуовна

Тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер

Узакпаева Инабат Канатовна

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Узакпаева Инабат Канатовна

Оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі әдіскер

САДУОВА АЛИЯ ЖАНСЕРЕЕВНА

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

САДУОВА АЛИЯ ЖАНСЕРЕЕВНА

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

                                                                               

 

   МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ

    ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

     

           Көкшетау мемлекеттік университеті 23.04.2018 жылы 5B130100 "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 11.12.2012 ж. № 12019134 білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензияға №023 қосымша алды.

2018 жылы оқу мерзімі – 5 жыл +2 жыл интернатураға (дәрігер біліктілігін бере отырып) алғаш рет қабылдау жүзеге асырылды. Оқыту түрі - күндізгі. Оқыту тілі - қазақ, орыс, ағылшын. Бакалавриатта 5 жыл + 2 жыл интернатурада оқуды аяқтаған бітірушіге дәрігер біліктілігі беріле отырып, жоғары медициналық білімі туралы диплом, оқыған пәндерінің тізбесі, бағалары, академиялық сағаттарының көлемі көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

            Интернатура түлегіне жалпы практика дәрігері ретінде өзіндік практикалық қызметке рұқсат етіледі. Магистратурада немесе резидентурада оқуын жалғастыруға құқығы бар. 5 жыл оқуды аяқтаған және клиникалық практикамен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген студентке медицина бакалаврының академиялық дәрежесі беріле отырып, жоғары медициналық білімі туралы диплом, оқыған пәндерінің тізбесін көрсете отырып, бағалары мен академиялық сағаттарының көлемі көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі. Медицина бакалаврының магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар. 2020 жылдан бастап оқу мерзімі 6 жыл: 5 жыл бакалавриат + 1 жыл интернатура бағыты бойынша жалпы дәрігерлік практика. Оқыту түрі - күндізгі. Оқыту тілі - қазақ, орыс, ағылшын. Медицина бакалаврының тар мамандықтар мен докторантура бойынша резидентурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. 

 

Білім беру бағдарламалары                                                        
     Бакалавриат:

·               5B130100 «Жалпымедицина» 

·              6В10101 «Жалпы медицина»   

·              6В10103 «Медбикеісі»  

           

           Практикалық оқу сабақтарынан өту үшін облыс орталығының медициналық ұйымдарының клиникалық базаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

Медицина факультетінің миссиясы - ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған қазіргі заманғы инновациялық, практикалық-бағдарланған технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті білікті медицина мамандарын даярлау.

Білім беру бағдарламасының миссиясы - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау кезінде оқытудың заманауи әдістерін енгізу үшін білім беру процесінде инновациялық, жоғары технологиялық және симуляциялық жабдықтарды, бағдарламаларды, ақпараттық педагогикалық технологияларды қолдану.

Факультеттің мақсаты - медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медицинада, ғылымда және практикада озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, Ақмола облысы халқының денсаулығын нығайтуға қабілетті білікті мамандарды даярлау.

Кадрлық әлеует:

Медицина факультетінің деканы – м.ғ.д. Мұратбекова Светлана Қабденқызы;

            Екі кафедра:

            - клиникалық пәндер кафедрасы (каф.меңгерушісім.ғ.к.Тұрлыбеков Қайрат Қараевич);

  - морфология, физиология және жалпы патология кафедрасы (каф.меңг. – м.ғ.к. Жанғалов Бануржан Баянович);

              - профессор-оқытушылар құрамы жасақталған.

Заманауи жоғары технологиялық құрал-саймандармен жабдықталған жаңа кабинеттер құрылды:

- анатомия;

- 3D графикасындағы адам анатомиясы;

- патологиялық анатомия және гистология;

- физиология;

- травматология;

- акушерлік және гинекология;

- педиатрия;

- реанимация,

- хирургия;

- психологиялық жеңілдету аймағы;

- тәуелсіз бағалау орталығы;

- мейірбике ісі;

- дәріс залдары;

- "виртуалды медицина академиясы" мультимедиялық сыныбы.

- 3D кестеде оқытатын ақпараттық медициналық технологиялар

- №4 дәріс залы

- №5 дәріс залы

- медициналық әдебиеттер, соның ішінде электронды оқу залы.

Студенттерконтингенті

Медицина факультеті студенттерінің контингенті 01.04. 2021 ж. жағдай бойынша 517 адамды құрайды, оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша 149 адам және АӘК - 10 студент, БҒМ гранты бойынша - 41 студент, атаулы стипендиялар бойынша – 16, қалған - 122 студент ақылы негізде оқиды (оның ішінде ЖАО бойынша: Бұланды - 2, Зеренді - 2 Біржан Сал - 5, Астрахан - 2,Сандықтау - 2, Жақсы - 2, Қостанай обл. Жітіқара ауд. -1, барлығы аудандардан -16.

Интернатура

Интернатураның 6-7 курсында 14 студент, оның ішінде 10 студент ҚР ДСМ гранттарымен оқиды. Бакалавриат және интернатураның білім беру бағдарламалары әзірленді.

Шетелдік студенттер туралы ақпарат

2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  SheikhFarooq (Шейх Фарух) директоры "SunTrap 786 LIMITED" фирмасымен шарт жасасты. Шартқа сәйкес, университет фирмаға 08.06.2023 жылға дейін Үндістаннан талапкерлерді тартуға көмек көрсету құқығын береді.

 2019 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ISMEDUTECHPVTLTD фирмасы атынан dr.SonaliPotu  директорымен ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Шартқа сәйкес университет ISMEDUTECHPVTLTD фирмасы атынан dr.SonaliPotuгемен 08.06.2024 ж. дейін Үндістаннан талапкерлерді тарту бойынша көмек көрсету жөнінде құқық шарт ұсынады, сондай-ақ университет ОсОО «Educational Advisor» (Эдюкешнл Эдвайзор) фирмасы атынан Sajjad Ahmedпен (Сажжад А.М) ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Шартқа сәйкес университет "Educational Advisor" (Эдюкешнл Эдвайзор) ОсОО фирмасына 08.06.2024 ж.дейін Пәкістаннан талапкерлерді тартуға көмек көрсету бойынша құқық береді.

Қазіргі уақытта факультетте Үндістаннан 1-2-3 курстың 129 студенті, Пәкістаннан 1 курстың 34 студенті оқиды.

           

        Медицина факультеті деканының шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары - Ж. В. Макенов.