Skip to main content
x

Байтук Галым Симбекович

Baituk.jpg

1971 жылы 11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.

 

1993 жылы К. Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын бітірді.

 

1994-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, СҚУ түлектері қауымдастығының атқарушы директоры.

 

1999-2000 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы.

 

2000-2002 жылдары - "Петропавл қаласының іскерлік даму орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының директоры, "Солтүстік Қазақстан технопаркі" МКК директорының орынбасары.

 

2002 жылдың желтоқсанынан - "ҚР Мәслихаттары депутаттарының қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.

 

2003 жылдың қарашасынан - "ҚР мәслихаттары депутаттарының қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

2006-2009 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінде мемлекеттік қызметте. (бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары).

 

2009 жылы - "Қазаэросервис" АҚ Петропавлдағы филиалының басқарушысы.

 

2010-2012 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.

 

2013 жылы - "Назарбаев Орталығы" ММ Ұлттық және халықаралық бағдарламалар қызметінің басшысы.

 

2013 жылдан бастап-"Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қорының президенті.

 

2014 жылдан бастап - "Қазақстандық блогерлер Альянсы" ҚБ президенті.

 

Қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысады.

 

Студенттік жылдары топтың, факультеттің кәсіподақ жетекшісі болды.

 

Институтты аяқтағаннан кейін әріптестерімен бірге СҚУ Жас ғалымдар кеңесін ұйымдастырып, 1994-1996 жж. төрағасы қызметін атқарды

 

1997-1998 жж. - "Қазақстан жастары форумы" республикалық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ІІ шықырылымының депутаты.

 

Петропавл қалалық мәслихатының III шақырылымының депутаты.

 

2011 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, қазақстандық қоғамдастықта көзге түскен адамдар мен ұйымдарға танымалдылығы мен құзыреттілігі үшін берілетін "Халықтың сүйіктісі — Народный любимец" танымал қазақстандық қоғамдық сыйлығының авторы және ұйымдастырушысы.

 

Қазақстан аумағындағы дүлей апат аймақтарында апатқа ұшыраған отандастарға қайырымдылық көмек көрсететін "Тасқын көмек" қайырымдылық акциясы бастамашысының бірі болды.

 

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтың мүшесі.

 

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі.

 

ҚР Президентінің "Алтын сапа"сыйлығының сараптамалық кеңесінің мүшесі

 

Еуразия теледидар және радио академиясының (ЕТРА) мүшесі

 

Петропавл қаласындапғы "Киров атындағы зауыт" АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі

 

Петропавл қаласындағы "ПАМЗ" АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі

 

"Құрмет" орденінің кавалері (2016) "Бауыржан Момышұлы ордені" құрметті төсбелгісі (2015).

 

"Туризм саласының үздігі" төсбелгісі (2012).

 

ҚР мерейтойлық белгілері мен медальдарымен марапатталған.