Skip to main content
x

Құрметті білім алушылар!!!

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде оқу процесі келесі тәртіпте ұйымдастырылады:

- 1 курс студенттері үшін аралас форматта: дәрістер - онлайн, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күндізгі форматта өткізіледі.

- 2 және 3 курстарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындық бағыттарына байланысты қашықтықтан немесе аралас форматта жүргізіледі.

 - 4 курстағы оқу академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға сәйкес қашықтықтан/аралас форматта (дипломалды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) жүргізіледі.

 

 - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, магистранттар мен докторанттардың қорытынды аттестаттауын жеке жоспарлары бойынша жүргізу үшін және академиялық саясатқа, күнтізбеге және әдістемелік ұсынымдарға сәйкес теориялық оқыту (егер жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі көктемгі семестрде көзделген болса) қашықтықтан және аралас форматта жалғастырылады.

Екінші семестр 2021 жылдың 18 қаңтарынан басталады.