Skip to main content
x

«Білім – рухани адамның қалыптасуы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті

 

           Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жалпы тарих және ӘГП кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Білім – рухани адамның қалыптасуы ретінде»атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтары туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады.

Кіріспе сөзді ҚХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдік және психологиялық дайындық кафедрасының бастығы Шуматов Эльдар Ғалымжанұлы бастады. Өз сөзінде ол білімнің Сократтық анықтамасының ізгілік ретінде өзектілігі, сондай-ақ білім беру және тәрбие процестерінің бірлігі қажеттілігін атап өтті.

        Іс-шара аясында спикер ретінде: ЮРР202 тобының студенті Кенжебаев Темирлан, баяндама тақырыбы: «Аксиологические проблемы современного общества», ИРР202 тобының студенттері Дусумбекова Раушангуль мен Сверчук Яна «Книга Карен Армстронг «История Бога -4000 лет изысканий в иудаизме, христианстве и исламе»», АКК-92 тобының студенті Ыдырысова Айдана «Шәкәрімнің ар ілімі және оның тарихи философиялық мәні» атты баяндамасымен, ХК-91 тобының студенттері Умарбек Аружан «Құндылық – адамгершілік бастауы», Қаласбай Манзура «Қазіргі қоғамдағы басты құндылықтар» атты баяндамаларымен сөз сөйледі.

          Іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары жаһандану дәуірінде қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы біздің әрқайсымыз үшін маңызды, ол уақыт ағымындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ұтымды саралап, қабылдай алады деген ойтүйді. Мұндағы басты құрал – білім беру болып табылады. Сондықтан да 100 жетекші оқулықпен танысу бәсекеге қабілеттілікті, реализм мен прагматизмді, тәуелсіз сыни ойлауды, әділеттілік, қадір-қасиет және еркіндік сияқты негізгі дүниетанымдық ұғымдарды меңгеруге, сондай-ақ толеранттылық құндылықтарын, мәдениетаралық диалог пен әлем мәдениетін дамытуға және нығайтуға білімге деген құштарлықты арттырудағы дұрыс қадам болып табылады деген қорытындыға келді.

 

310320211113_1.jpg

310320211113_1.jpg