Skip to main content
x

Шетелдік студенттермен жұмыс

ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІНЕ

Шетелдік азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түседі.
1. Құжаттарды беру.

2. Әңгімелесу.

3. Оқуға келісім-шарт жасау, оқуға ақы төлеу.

4. Медициналық құжаттарды ұсыну.

5. Оқушылар құрамына қабылдау.

6. Көші-қон есебіне қою.

Құжаттарды беру және түсу сынақтары

Әңгімелесуге Қазақстан Республикасына ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми шақыруы бойынша, сондай–ақ өз бетінше - қонақ немесе туристік визасы бойынша келген шетелдік азаматтар жіберіледі. ҚР-ға өз бетінше ЖОО-ға түсу мақсатында келген шетел азаматтары ҚР-да шетел азаматтарының болу ережелерін, қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті.

  • қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

    Бакалавриатқа түсу үшін қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттар тапсырылу тиіс:  
    1. Ұйым басшысының атына жазылған өтінішті;
    2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжаттың түпнұсқасын;
  1. 3х4 өлшемді алты фотосурет;
    4. 086-У үлгідегі медициналық анықтаманы;
    5. Жеке куәліктің көшірмесін;
  2. Құжат тігетін папка;
    7. Конверт (диплом өлшемі бойынша), 3 файл.

 

ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШӘКІРТАҚЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Стипендиялық бағдарламаға кім қатыса алады:

Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына түсу үшін: Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға,

  • "жақсы"деген бағамен орта білімнің аяқталғанын растайтын құжаты бар,

Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін: Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға,

  • бакалавр немесе маман дипломы бар, GPA орта балы кем дегенде 2.33 (4.0-тің) немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы.

PhD докторантураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін:

Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адам

  • магистр дипломы бар, GPA орта балы кемінде 2.33 (4.0-тің) немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;
  • шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаты бар.

Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің бакалавриаты мен магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша тегін оқуға мүмкіндік алады. Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған стипендиялық бағдарлама конкурсына қатысу қажет. https://enic-kazakhstan.kz/

Шәкіртақы қамтиды:

  • таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша барлық мерзім ішінде тегін оқу;
  • білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты барлық оқу мерзімі ішінде ай сайынғы стипендия.

Шәкіртақы қамтымайды:

  • көлік шығындары;
  • тұру;
  • виза, медициналық сақтандыру бойынша шығындарды.

Қандай құжаттар қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптпен));
  • мотивациялық эссе қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде;
  • үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хат;
  • шетелге оқуға баратындарға арналған медициналық анықтама, сондай-ақ үміткер тұратын елдің денсаулық сақтау ресми органы берген адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖИТС ауруының жоқтығы туралы медициналық анықтама;
  • қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (бар болса).

 

Шетел азаматтарының келу-кету ережесі

Егер Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдіктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оларды алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады. Бұл - визалық тәртіп деп аталады және ол негізінен алыс шетел азаматтарына қатысты әрекет етеді.

Шетел азаматтары халықаралық және жолаушылар қатынасы үшін ашық мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы келеді-кетеді.

Келетін (кететін) шетелдіктің паспортына шекарадан өткен кезде тиісті мөртабан қойылады.

Паспорттарды тіркеуден дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар шетелдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "дипломатиялық", "қызметтік", "инвесторлық" санатындағы визасымен келген немесе уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесі расталған кезде (визасыз болу режимі бар елдер үшін) Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер босатылады.

Жақын шетелдердің бірқатар мемлекеттерімен визасыз сапарлар тәртібі сақталуда.
 

ҚР-ға шетелдікке кіруге рұқсат берілмейді:


1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын сақтау мүддесінде;

2) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;

3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздырса;

5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

6) Егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ сот оның іс-әрекеттерінде қауіпті рецидивті таныған жағдайда;

7) егер ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған қолданылған жазаны орындамаса;
8)
егер Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуі көзделіп, ол мұндай декларацияны табыс етпесе;  

9) егер ол этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшін қажетті қаражаттың болуы туралы растауды ұсынбаса;

10) егер келу туралы өтінішхатпен жүгінген кезде, ол өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды ұсынбаса;

 

11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулар болған кезде;
12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса;

13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады.

Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

Егер осындай өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы адамдар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапқа тартылса, қабылдаушы адамдардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері қаралмайды.

Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдіктерге көші-қон карточкалары беріледі. Көші-қон карточкаларының нысанын және оны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітеді. Келуге визаларды немесе оларға тиісті басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері немесе жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының осыған арнайы уәкілеттік берілген өкілдері береді.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшін негіздер болып табылады.

Шетелдіктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оларды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиісті мемлекетпен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдары берген шығу визалары болған кезде Қазақстан Республикасынан кетеді.

Шетелдікке Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

1) егер оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіздер болса - іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін;

2) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған болса, ол үшін пробациялық бақылау белгіленген немесе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса, - сот шешімі негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтегенге немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылау мерзімі өткенге, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін;

3) егер ол өзіне сот салған міндеттемелерді орындаудан жалтарса, - міндеттемелер орындалғанға дейін;

 

Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың елеулі мүдделері байланысты мүліктік міндеттемелерді орындағанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.