Skip to main content
x

Стратегиялық жоспарлау, аккредитация және сапа менджменті департаменті

Стратегия, аккредиттеу және сапа менеджменті департаменті

  

Стратегия, акредиттеу және сапа менеджменті департаменті сапа менеджмент жүйесі (СМК) бөлімінің тікелей ісін жалғастырушы болып табылады.

Бөлімнің құрылу тарихы университет басшылығының 2004 жылы сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы шешім қабылдауымен байланысты. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ республиканың ең алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып сапа менеджменті жүйесінің ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкестік сертификатын алды және осы жүйені бүгінгі күнге дейін қолдайды. 2021 жылы университет «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастығының сапа мен IQNet халықаралық сертификациялық желісінің сертификатын алып, ИСО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сертификатталған.

 

1.jpg1.jpg

1.jpg1.jpg

Бастапқы кезеңде СМЖ мақсаты ЖОО ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ИСО ХС талаптарын іске асыру болды. Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің білім беру үрдістері мен білім беру нәтижелерінің сапасын бағалау, басқару, жоспарлау процесін қамтамасыз ететін СМЖ құжаттары әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Бірақ уақыт шынайылығы білім беруді дамытудың жаңа шарттарын талап ете бастады. Білім беру нарығын интернационалдандыруы, бәсекелестікті күшейтілуі ЖОО-ның аккредиттеуден өту арқылы білім беру бағдарламаларының сапа куәліктерін алуға ұмтылуына ықпал етеді.

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті 2009 жылы республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.

Бүгінде ұлттық аккредиттеуден бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның 66 білім беру бағдарламасы өтті.

2019 жылдың ақпан айында университет "ARQA" білім сапасын аккредиттеу және сараптау тәуелсіз агенттігінде 5 жыл мерзімге бакалавриаттың 2 білім беру бағдарламасы (Есеп және аудит, Қаржы) және докторантураның 3 білім беру бағдарламасы (Математика, Филология, Тарих) институционалдық қайта аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.

Insitut_accred_rus.jpgUchetiaudit_rus.jpg

Finansi_rus.jpgMatematika_rus.jpg

Istoriya_rus.jpgFilologia_rus.jpg

2019 жылдың мамыр айында университет аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде бакалавриаттың (9 ББ, оның ішінде Жалпы медицина) және магистратураның (8 ББ) 17 білім беру бағдарламасы қайта аккредиттеуден өтті.

Нәтижесінде 6В02302 – Аударма ісі, 7М05301 – Химия, 7М01504 – Биология, 6В05102 – Биотехнология, 7М08501 – Аграрлық техника және технология, 7М08102 – Топырақтану және агрохимия білім беру бағдарламалары 5 жылға аккредиттелді.

6В01707 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М01702 - Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01701 - Шет тілі: екі шет тілі, 7М01703-Шет тілі: екі шет тілі, 6В01504-Химия, 6В01514 – Биология, 6В08501 – Аграрлық техника және технология, 6В08101 – Агрономия, 7М08101 – Агрономия, 6В08102 - Топырақтану және агрохимия білім беру бағдарламалары 7 жылға аккредиттелді.

6В10101 – Жалпы медицина білім беру бағдарламасы 3 жылға аккредиттелді. (сертификаттар)

Med_1.jpg

Him_1.jpg

Him_1.jpg

27 білім беру бағдарламасы АРТА мамандандырылған аккредиттеу нәтижелері бойынша аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтті.

2020 жылдың мамыр-маусым айларында университет бакалавриат пен магистратураның 28 білім беру бағдарламасын қайта аккредиттеуден өтті. 9 бағдарлама 7 жылға аккредиттелді.

  • 6В01513 Информатика және робототехника (көптілді оқыту)
  • 7M06104 Информатика
  • 6В01506 Математика ((көптілді оқыту)
  • 7M01502 Математика
  • 6В01511 Физика
  • 7M05302 Физика
  • 6В01404 Көркем еңбек және жобалық графика
  • 6B11101 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі
  • 6B11102 Туризм
  • 6B05201 Экология
  • 6В01516 География және қоршаған орта
  • 7M05201 Экология
  • 7M01501 География
  • 7M05101 Биология
  • 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 6В01601 Тарих және дінтану
  • 6B07202 Тау-кен ісі
  • 6B11203 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • 6B07301 BIM ғимараттар мен құрылыстарды жобалау
  • 6B07203 Астықты сақтау және өңдеу технологиясы
  • 6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігі)
  • 6B07102 Машина жасау технологиясы және металдарды кесу арқылы өңдеу
  • 6B07101 Автомобиль көлігін пайдалану
  • 6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • 7M01512 Математика және ғылыми-әдістемелік зерттеулер
  • 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, инклюзивті білім беру тьюторы
  • 7М02201 Тарих

Стратегия, акредиттеу және сапа менеджменті департаменті университеттің түрлі деңгейдегі ұлттық рейтингтерге қатысуын қамтамасыз етеді. Бірнеше жыл бойы рейтинг нәтижелері бойынша бірқатар білім беру бағдарламалары жоғары орынға ие.

ARES-2020 халықаралық рейтингісінің қорытындысы бойынша университет 14-орынды (А санаты) иеленді.

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) өткізген ҚР ЖОО-ның ТОП-20 бас рейтингінде университет 9-орынға ие болды.

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінде университеттің 4 білім беру бағдарламасы көшбасшы орынға ие болды:

1 орын

5В080100 – Агрономия

2 орын

5В011300 – Биология

5В070100 – Биотехнология

3 орын

5В080800 – Топырақтаны және агрохимия

 

ҚР ЖОО-ның 2021 жылғы Ұлттық талап ету рейтингісінде 12 топ білім беру бағдарламалар көшбасшылық орынға ие болды:

1 орын

D010 – Математика мұғалімдерін даярлау

2 орын

В093 - Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

M089 – Химия

М136 – Автокөлік құралдары

D019 – Шет тілі педагогтерін даярлау

3 орын

B018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау

В077 - Өсімдіктану

М002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

M015 – География мұғалімдерін даярлау

M131 – Өсімдіктану

M150 – Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

 

Университет университеттердің әлемдік саралау бойынша Quacquarelli Symonds Limited (QS) (Ұлыбритания) халықаралық агенттігі өткізетін әлемдік академиялық рейтингке, сондай-ақ CybermetricsLab (WebometricsRankingofWordUniversities) (Испания) зертханасы өткізетін вебометриялық рейтингке қатысады. Вебометриялық рейтинг нәтижелері бойынша біздің университет 2021 жылдың қаңтар айында 100 қазақстандық ЖОО-ның 50-ші орынға ие болды.

Департамент білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген жоғары оқу орны қызметінің стратегиялық жоспарлауын жүзеге асырады, университет қызметін реттейтін ҚР БҒМ, ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес нормативтік құжаттар құрады, университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының сапасына мониторинг жүргізеді, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің принциптерін іске асыруын қамтамасыз етеді.

Департаменттің сарапшы-аудиторлары білім беру процесін ұйымдастыру және нормативтік құжаттарды жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшелердің ішкі аудиттерін жүргізеді.

2020 жылы қараша айында СА және СМ департаменті «Ш. Уәлиханов атындағы КУ-нің үздік оқытушысы» байқауын өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізді: комиссия құру туралы бұйрықты дайындау, Ережеге сәйкес құжаттарды қабылдау және өңдеу, үміткерлерге кеңес беру, балдарды есептеу. Байқау қорытындысы бойынша «Құрметті оқытушы» аталымы бойынша ФСТжП кафедрасының аға оқытушысы Токпанов А. А, «Жас оқытушы» аталымы бойынша  Отан тарихы және «Рухани жанғыру» кафедрасының оқытушы Киккаринов Е.Б. жеңімпаз атанды. «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауына 6 оқытушы ұсынылды. «ЖОО үздік оқытушысы» атағын университеттің 2 оқытушысы алды (Курманбаева А.С., Жусупбекова Г.Г.).

Нормативтік талаптарды сақтау және дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды плагиат мәніне қатысты тексеру процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында СА және СМ департаменті жұмыстарды плагиат мәніне қатысты тексеруді жүргізеді.