Перейти к основному содержанию
x

Ұлттық білім және инновация палатасының президенті Мұрат Абенов студенттермен кездесу өткізді.

"Серпін - 2050" бағдарламасы бойынша Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде білім алып жатқан студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Аймақтағы санитарлық ахуалды ескере отыра, кездесуге тек қана бірінші курс студенттері қатысты. Университетіміз "Серпін - 2050" бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие. Бүгінгі таңда Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан келген 1342 студент университет қабырғаларында білім алуда.

Жоба басталғалы бері 714 түлек диплом алып шықты. Оның ішінде 528 түлек жұмыспен қамтамасыз етілді, "Серпін-2050" түлектері Ақмола облысының мектептері мен білім беру мекемелерінде, құрылыс компанияларында және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында еңбек етуде.

Кездесуде студенттер бағдарламаның іске асуы барысында туындаған сұрақтарын қойып, нақты кеңес алды. Бағдарлама бойынша мамандықтар тізімінің кеңейтілуі және тұрғылықты жерде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілу бойынша сауалдар қойылды. Сонымен қатар, ортақ ұсыныс ретінде университетке қарасты бағдарлама түлектері ассоциациясын құру шешімі қарастырылды.

150220211247_1.jpg

150220211247_1.jpg

150220211247_1.jpg

150220211247_1.jpg