Перейти к основному содержанию
x

«Қазақстандық мәдени дискурстағы қазіргі Көкше өңірі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін қайта құру  және сипаттау»
тақырыбында ғылыми семинар 

 

 

Бүгін университетімізде «Қазақстандық мәдени дискурстағы қазіргі Көкше өңірі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинардың мақсаты ғылымға, ізденіске жақын жастарды ғылымға белсенді тартып, Көкше өңірінің аймақтық әдебиетін, оның ішінде айтыс өнерін, атақты айтыскерлер шығармашылығын кеңінен зерттеп, жастарға, оқырман қауымға кеңінен насихаттау.

Ғылыми семинарда «Қазіргі айтыс тілінің ұлттық-мәдени сипаты», «Көкшенің айтыс өнерінің қалыптасу, даму тарихы», «Көкшелік айтыс ақындары тіліндегі қанатты, нақыл және шешендік сөздердің ерекшелігі», «Қазіргі Арқаның айтыс мектебі тілінің ерекшелігі (К.Шәкеев, Б.Әлімжанов, Қ.Мырзабеков айтыстары негізінде)» тақырыптарында баянадамалар қарастырылды.

Сонымен қатар, халық ақыны Көкен Шәкеевтің, жыршы, манасшы Б.Әлімжановтың, айтыскер ақын Қ.Мырзабековтың шығармашылықтары жайлы ғылыми жобалардың нәтижелері ұсынылды.

Семинардың модераторы жоба жетекшісі, дәстүрлі «Жастар және ғылым» университеттік ғылыми конкурсының жеңімпазы, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлден Тоқатқызы Тлеубердина.

Ғылыми семинар онлайн және офлайн форматта өтті. Семинарға алғаш рет Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Тараз облыстарынан студенттердің ата-аналары қатысуға ниет білдірді. Баяндамашылар мен қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

23042021_1.JPG

23042021_1.JPG

23042021_1.JPG